дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 05.05.2023 10:54

Серік Күдебаев қазір қайда?

Фото: ғаламтордан

Желіде бұрынғы генерал-майор Серік Күдебаевтың Астанаға ауыстырылатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті жауап берді.

Құзыретті мемлекеттік органның хабарлауынша, Күдебаев қазір Талдықорғанда.

«Талдықорған қалалық сотының Серік Күдебаевқа қатысты үкімі заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі уақытта сотталушы Талдықорған қаласының №71 мекемесінде болады», – деді  ҚАЖ-дың Алматы және Жетісу облысы бойынша департаментінен.

Белгілі болғандай, Серік Күдебаевты көшіру туралы өкім мекемеге түспеген.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың 10 жылға сотталғаны, сондай-ақ полиция генерал-майоры арнайы атағынан және II дәрежелі «Данқ» және «Айбын» мемлекеттік наградаларынан айырылғаны хабарланған болатын.