дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 14 05.05.2023 11:11

Танымал ресейлік журналист Солтүстік Қазақстан Ресейдікі деп шулағандарды орнына қойды

Фото: ғаламтордан

Танымал ресейлік журналист Максим Шевченко Солтүстік Қазақстан Ресейдікі деп шулағандарды орнына қойды.

Оның айтуынша Қазақстанның солтүстігі мен ұлы даланы мыңдаған жылдар бойы түрік тайпалары мекендеп келген, деп хабарлайды teznews.kz Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист бұл ойымен өзінің желідегі парақшасында, оқырмандардың сұрағын жауап беру барысында бөлісті. 

«Солтүстік Қазақстан Ресейдің жері деп кім айтты? Онда Шешенстан да Ресейдікі шығар. Бұл қай сасқандарың, не сандырақ бұл? Иә, кезінде колонизация болды, бірақ бұл байтақ жерде неше ғасырдан бері орта жүз мекендеп келеді. Мұнда көп жылдар бойы көшпелілер өмір сүрген. Солтүстік Қазақстан – ол осы ұлы даланың жүрегі, онда жүз жылдар бойы түркі тайпалары мекен еткен, олар тіпті ғұндардың тікелей ұрпақтары. Мұны Гумилевтің өзі дәлелдеп кеткен. Ол кезде Ресей тұрмақ, славяндардың өзі болмаған, бірақ ғұндар болған. Онда сақтардан бастап бүкіл көшпелі тайпалар өмір сүрген. Орыстар мұнда тек 18 ғасырда келген», - деді ол.