дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 05.05.2023 12:38

Ақтөбеде жол апатынан бір адам қаза тапты

Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты.

4 мамырда Қобда кентіндегі Самара-Шымкент автожолында Nissan Almera автокөлігі Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, жүк көлігі аударылды. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі Қобда кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.