дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 15 12.05.2023 9:55

Әнші Шахизада жолдасы туралы шындықты айтты

Фото: ©instagram.com/shahizada.art

Көпшілікті өзінен 18 жас кіші сүйіктісімен таныстырған Шахизада жас әнші Ерболат Ержанбаевпен қазіргі ара қатынасы туралы жасырмай айтты. Бұл туралы teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен туралы желіде айтылып жатқан ақпараттың бәрі өтірік. Сол туралы айтып қояйын деп жатырмын. Ерболат – жас әнші. Үш жылдан бері сахнаға көп шыға алмай жүрді. Үйінде қайғылы жағдай болып, өнері тоқтап қалды. Жастарға көмектесейін деп, мен Ерболатқа күйеуге шыққан сияқты болдым. Хайп, өсек кетті. Бірақ мен Ерболатқа күйеуге шыққан жоқпын. Ешқандай күйеуім де емес, бірге тұрған да жоқпыз. Мені ұрған дағ соққан да жоқ, ажырасқан да жоқпыз. Оның өзінің отбасы, әдемі әйелі, бала-шағасы бар. Соны сіздерге айтып қояйын. Бәрі өтірік", - дейді Шаһизада.