дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 12.05.2023 10:29

"Адамдарды ату керек" деген азамат бүгінгі депутат

Фото: massaget.kz

Депутат Самат Нұртаза коронавирус пандемиясы кезінде "адамдарды ату керек" деген әлеуметтік желідегі пікіріне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды teznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме беріп.

Facebook-те депутаттың 2020 жылы жазған пікірі пайда болды.

"Әскерді периметрмен тізіп қойып, бұйрыққа бағынбағандарды ату керек. 4-5 атқан соң тынышталады. Табиғи сұрыпталу керек адамдар", - деп жазған депутат пікірде. 

Желі қолданушылары депутаттың мұндай пікіріне наразы болған. 

"Ауызға не келсе соны айту керек па, сонда?";

"Масқара";

"Жеткен жеріміз осы болса, жетіскен екенбіз", - дейді желі қолданушылары.