дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 15.05.2023 10:10

Кения: Діни рәсім құрбандары 201 адамға жетті

Фото: ғаламтордан

Кенияда діни рәсім құрбандарының саны 201 адамға жетті. Мұнда олар орман ішінде Исамен кездесеміз деп аштан өлуге бекіген. Бұл туралы teznews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақ билігінің хабарлауынша, Шакахол орманынан халықаралық "Қайырлы хабар" шіркеуінің ізбасарларының тағы 22 мәйіті шығарылды. Бұл қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың жалпы санын 201-ге жетті.

Қазір Кенияның барлау агенттіктері орманның қалдықтары мен ықтимал тірі қалғандары үшін зерттеуді жалғастыруда. Сонымен бірге жүздеген адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.