дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 32 15.05.2023 10:34

"Қатын" деп айту дұрыс па: Имам жауап берді

Фото: ғаламтордан

TikTok жұлдызы, ел арасында блогер имам атанып кеткен Нұрлан қажы Байжігітұлы әйелдеріне «қатын» деп сөйлейтін ер адамдарға өз ақыл-кеңесін айтты.

Оның сөзінше «қатын» сөзі қазақ мәдениетіне жат сөз, деп хабарлайды teznews.kz агенттігі caravan-ға сілтеме беріп.

Нұрлан қажы Байжігітұлы бұл туралы ойын әлдекімнің үйінде қонақта болғанда, дастархан басында айтқан.

«Әйелдерді қатын деген сөз жақсы нәрсе емес. Олай айтпау керек, «духың» жетсе айта бер енді... Бірақ ол сөзді айтпаған жақсы, жақсы, ертең мысалы сіз қыз ұзатасыз, өзің әйеліңе қатын дейсің. Сонда сенің қызың ұзатылады, сосын күйеу баланы қонаққа шақырған кезде, ол сенің қызыңа: «Ей, қатын отыр десе» қандай күйде боласың? Құлағыңызға қалай естіледі екен? Сенің мәпелеп өсірген қызыңды адал жары солай деп отырса, сізге жақсы ма? Әрине мұндай сізге жақпайды, онда сіз де біреудің қызына олай айтпаңыз. Ол біздің мәдениетте жоқ сөз, әйелге құрмет исламда бірінші орында тұрады, өйткені ол ана. Біз әйелдің қадірін қашан білеміз? Өлгенде білеміз», - деді ол.

Желі қолданушылары Нұрлан имамды жаппай қолдаған.

«Иә, дұрыс айтасыз, өте мәдениетсіз, жаман сөз», «Бұрынғы ата-бабаларымыз бірақ айтқан деседі», «Қызық осы кісі, бірақ сөздері бәрі дұрыс, жақсы түсіндіреді бәрін жастарға», «Осыны айтатын біреу табылды-ау, рахмет сізге, өте орынды айттыңыз» деп жазды олар.