дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 8 15.05.2023 11:41

Райым мен Ерке Есмахан той жасамайтындарын хабарлады

Фото: инстаграм желісі

Жұлдызды жұп Райым мен Ерке Есмахан үйлену тойының болмайтынын мәлімдеді.

Әнші Ерке Есмахан тыңдарман асыға күтіп жүрген тойға қатысты сұрақтарға жауап берді.

“Той болмайды! Ақылдаса келе солай шештік. Біздің той тағы у-шу, телефон ұстаған қонақтар, тікелей эфирлер, тағысын тағы. Ойласам шаршаймын. Тойсыз-ақ бақытты жанұя болып, балалы-шағалы болып, сосын 5-10 жылдық той жасармыз. Алла жазсын", - дейді өнер иесі.