жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 7 15.05.2023 13:29

Бүркіттің анасы ернін үлкейткен блогер Әсел Асқарға ұрысып тастады

Фото: ©instagram.com/assel.askar

Блогер Әсел Асқар ерін үлкейтемін деп әжесінің көңілін қалдырды.

Айта кетейік, Әсел Асқардың әжесі Айша Көпжасарова – танымал әнші Бүркіттің анасы.

“Ернімді үлкейттім” деп бөлмеге кіріп келген блогерге әжесі:

“Неге? Сенің ернің онсыз да үлкен ғой. Неге үлкейттің? Әдемі болып тұрған түгің жоқ. Өтірік айтпа. Ұшық шыққан сияқты. Не айтайын? Жыным келіп тұр”, – деп ұрысып тастады жиен немересіне.

Желі қолданушылары да оның бұл сөзіне қосыла кетті.

“Әжеңіз дұрыс айтады. Сіз онсыз да әдемі едіңіз”, “Әсел, ренжімеңіз, бірақ әжеңіз сізді өз сұлулығымен басып озды”, “Әжеңіз әдемі қартайыпты”, “Әжеңізбен келісемін, шектен шығудың қажеті жоқ”, – деп жарыса жазды желідегілер.