жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 15.05.2023 16:51

Тоқаев 70 жас мерейтойын атап өтпейтіні хабарланды

Фото: syrboyi.kz

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 жас мерейтойына орай ешқандай шара ұйымдастырылмайтынын мәлімдеді. 

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай президенттің туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтардың көптеп түсетінін айтады. 

“Ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады”, – делінген жазбада. 

Сәйкесінше Қазақстанда да, Қытайға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді екен.