жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 16.05.2023 9:55

Медеуде өрт сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбеков "Айбын" орденімен наградталды

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының қаулысымен ҚР ТЖМ Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің № 7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Арслан Құрманбеков қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін мараптталды.

Ол 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы ретінде бастаған. Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №1 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші, аға өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарған. "Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы лауазымына 2019 жылы тағайындалған.

Арслан Құрманбеков 2023 жылғы 8 мамырда Іле-Алатау табиғи паркіндегі тау бөктеріндегі өртті сөндіру бойынша жедел топ құрамында қызмет атқару кезінде қайғылы қазаға ұшыраған еді.