жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 16.05.2023 14:41

Мәжіліс депутаты бала асырап алғандарға ай сайын 1 миллион теңге төлеуді ұсынды

Фото: funik.ru

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бала асырап алған отбасыларға ай сайын 1 миллион теңге төлеуді ұсынды. 

Депутат Қазақстанда балалар үйінің санын қысқарту керек екенін айтып, мүмкіндігінше толықтай жауып тастауға жеткізуге шақырды. Ол үшін ең алдымен бала асырап алғысы келетін қазақстандықтарға жағдай жасалуы керек екенін алға тартты.

"Балалар үйі тәрбиеленушілерді патронаттық отбасыларға бергісі келмейді. Себебі мемлекет әр балаға қомақты қаржы бөледі. Мәселен, балалар үйіндегі бір балаға мемлекет айына 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін бөледі. Бұл қаражатты бала асырап алғысы келетін отбасыларды қолдауға бағыттасақ, оның пайдасы әлдеқайда көбірек болады", – деді Қарақат Әбден.

Мәжілісмен балалар үйінің жұмыс жүйесін өзгертіп, ауыр науқас балалар тәрбиеленетін оңалту орталығы ретінде қайта құрылымдау қажеттігін айтты.