жексенбі, 29 қыркүйек 2024
0 17.05.2023 12:36

Белсенділер Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында ЛГБТ туын көтерді

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желі қолданушыларын Түркістан кесенесінің жанындағы ерекше видео құттықтау ашуландырды.

Видеоролик кейіпкерлері ЛГБТ қауымдастығының туын қолдарында ұстап, қазақстандықтарды келе жатқан гомофобиямен, трансофобиямен және лесбофобиямен күрес күні мерекесімен құттықтаған. 

Видеоның Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің дәл алдында жазылғаны қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Олар бұл жердің қасиетті орын екенін әлемнің түкпір-түкпірінен қажылар келетінін айтты. Бірақ әйелдердің өздері бұл жерді cимволикалық деп санайды.

"Барлықтарыңызды құттықтаймыз. Біз сіздермен биыл Алматыда және Түркістанда бірге тойлаймыз. Сондай-ақ күлгін киіз үй шарасын сәтті өткіздік. Қасиетті жерге келіп, өз құқығымызды қорғап тұрмыз. Адам құқықтары қорғалған жерде қасиетті жер бар", - деп атап өтті ролик авторлары.

Видеожазбаданы белгілі құқық қорғаушылар және "Феминита" қозғалысының негізін қалаушылар Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан түсірген. Олар ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын белсенді түрде қолдайды.  2021 жылдың мамыр айында ЛГБТ қауымдастығының өкілдерімен ұйымдастырылған кездесуден кейін Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержанға шабуыл жасалған болатын. Кейін екеуін де полиция ұстады.