жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 17.05.2023 14:54

Алматы облысында балаға жыныстық әрекеттер жасау күдігімен ер адам ұсталды

Фото: egemen.kz

Алматы облысында 7 жастағы балаға жыныстық әрекеттер жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды.

«11 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Көктөбе-1 ауылының 57 жастағы тұрғыны арызбен келіп, 44 жастағы көршісіне шара қабылдауды сұраған. Шағымданушының немересінің айтуы бойынша, 2022 жылы ер адам өзіне жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасаған», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Күдікті заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды.

Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеудің жан-жақтылығы, толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тараптардың дәлелдері тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.