жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 17.05.2023 16:16

11 жастағы қызға зәбір көрсеткен ер адам ұсталды

Фото: ғаламтордан

Бұрындайда 11 жастағы қыздың анасы қызына зәбір көрсетті деп айыптаған ер адам ұсталды.

Оқиғаны  Іле ауданы ПБ растады.

«Азаматша Б. (Сабыр) есімді азаматқа қатысты арызы бойынша Іле ауданы ПБ-ның АЕК-231968030006383 санымен 10.05.2023 жылы тіркелген. Аталған арыз Іле ауданы ПБ-ның қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, 1968 ж.т. аз. анықталып ұсталды. Қазір жоғарыда көрсетілген азамат Алматы облысы ПД-ның Қабылдау тарату орнына қамауға алынып, тескеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген тәртіп сақшыларының ресми түсініктемесінде.

«НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, ұсталған адам өзін Өзбекстан азаматы ретінде таныстырған және құжаттарынан айырылғанын айтқан.

Ал зардап шеккен қыздың ата-анасының айтуынша, ер адам оның әпкесінің қоластында жұмыс істеп, қыздың телефон нөмірін алған.