жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 8 18.05.2023 15:19

Роза Рымбаева немересінің 3 айға толғанын атап өтті

Фото: скриншот

Танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасында отбасының дастархан басында бас қосқан сәтінен бейнежазба жариялады.

“Сәрсенбінің сәтінде отбасыммен немеремнің 3 айға толғанын атап өттік”, – деп жазды әнші. 

Жас әке Әли Оқапов жақындарының бас қосуына ұлы Зейін себеп болғанын айтып, жазба қалдырды.

“Бүгін Зейін Әлиұлы 3 айға толды. Әжесін, әпкелерін, ағасы мен ата-анасын бірге тойлауға шақырды. “Отказ не принимается” деді”, – делінген жазбада.

Пікір білдірушілердің басым бөлігі қуанышты жайтпен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

“Мәуелі ағаштай өсіп өніуіне тілектеспін”, “Қандай керемет”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Отбасыңыз бақытты болсын”, “Көз алмай қарай бергің келеді”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.