жексенбі, 29 қыркүйек 2024
7 19.05.2023 10:10

Ninety One тобы БҰҰ Балалар Қорының елшісі атанды

Фото: orda.kz

1 маусым - балаларды қорғау күні қарсаңында БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) танымал q-рор тобы Ninety One мүшелерін Қазақстандағы iзгi ниет елшілері ретінде тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ninety One тобының мүшелері Батырхан Мәлік, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметкали, Данияр Кұлымша ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниет елшілері атанды. Осылайша олар балалардың құқықтарын қорғау және ілгерілетумен айналысатын Лионель Месси, Серена Уильямс, Джеки Чан секілді әлемге атақты адамдардың қатарына қосылды.

Бүгінде бүкіл әлемде ЮНИСЕФ-тің 200-ге жуық ізгі ниет елшісі бар. 

"Ninety One тобы Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Әлеуметтік желіде миллиондаған адамның жүрегін жаулап алды. Ninety One жастардың дауысы естiлуi керек дейдi. Бiздiң құндылығымыз да ұқсас. Музыка адамдарға үміт береді. Әндері арқылы жастарды өзін дамытуға, әр адам ерекше екенін түсінуге шақырады. Біз бірге бірнеше жобаны жүзеге асырамыз. Балалар мәселесін музыка, әлеуметтік желі арқылы көтергіміз келеді. Биыл жігіттер жастармен маңызды дүниелер туралы әңгімелесетін UNICEF Talks-та сөз сөйлейді. Ninety One мүшелері ЮНИСЕФ-тің керемет ізгі ниет елшілері болатынына сенімдімін", - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дизен.

Оның айтуынша, ізгі ниет елшiлерiн алғаш тарткан ЮНИСЕФ ұйымы балалар құқығын қорғауға дайын атақты адамдармен жұмыс істейді. Орландо Блум, Кэти Перри, Джеки Чан секілді елшілердің қатарына бүгiн Ninety One қосылды. Марқұм әнші, музыкант Батырхан Шукенов ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы алғашқы елшісі болды. Бұл мәртебеге бес жыл бұрын шахматшы Динара Сәдуақасова ие болды. Ninety One мүшелері ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы iзгi ниет елшілері ретінде интернеттегі психика-лык денсаулық пен қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударып, медиада балалардың құқықтарын қорғайды.

Топ мүшелері ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниет елшілері ретінде интернеттегі психикалық денсаулық пен қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударып, медиада балалардың құқықтарын қорғайды.