жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 19.05.2023 11:57

Түркістан облысында кафе басшысына зорланған оқушы оқиғасын баяндап берді

Фото: скриншот

Түркістан облысында оқушы қызды зорлады деген күдікпен кафе иесінің үстінен қозғалған іс сотқа жетті. 

Жәбірленушінің айтуынша, кінәлі тарап кешірім ретінде 20 миллион теңге ұсынған. Қыздың ағасы олардың ақша ұсынып жатқанын бейнежазбаға түсіріп алыпты. Ол енді арнайы органдарды сатып алуына да шамасы жетеді деп алаңдап отыр. Жәбірленушінің отбасы ақшаны алмағаннан кейін туыстарын жағалап кеткен.

Қазіргі таңда ол қамауда емес, сот босатқан көрінеді.

Айтуынша, ол оқушыны бірнеше мәрте зорлаған, тек үйіне терезеден кіргенде ғана анасы байқап, полиция шақырыпты.

“Мектептен алыстау жерден жұмыс бойынша сөйлесеміз деп көлікке салып алды да, Шымкентте алып кетті. Сол жақта талдңы түбінде зорлады. Содан кейін қорқытып, бейнежазбамен бопсалап, осыны “бәріне жайып саламын” деп білгенін істейтін болды. Кез келген жерден алып кетеді”, – дейді жәбірленуші.

Ең сорақысы - қыз телефонын көтермегені үшін ер адам оның үйіне терезеден кірген.

“Анам үйге ұры түсті деп ойлап, полиция шақырды. Анама маған келгенін айта алмадым. Бірақ ОПЕР телефонын тексеру барысында менімен сөйлескенін анықтап, мән-жайды ашық сұрады”, – дейді ол.

Осыдан кейін іс қозғалса да, тергеу дұрыс жүрмегенін айтады. Оның түсінігінше, құзырлы орган тарапынан ер адамға жақтасу көп болды.

“Жақында он сегізге толасың ғой, осы адамға тұрмысқа шықсаңшы деп көндіргісі келді. Кешірім бер деді”, – деді жәбірленуші. 

Прокурор ер адамға 16 жыл бергенімен, сот зорлау, суицидке итермелеу баптарын жоққа шығарып, тек ұрлау бойынша шартты түрде бір жыл берген. 

Құқық қорғаушы Ләззат кішкентай қыздарды қалай зорлық-зомбылықтан қорғау керегін айтты.

Көп жағдайда аналары білмей қалады, себебі көбісі айтуға қорқады. Мұндай жағдайда қыз баланың мінез-құлқына мән беру керек. Статистика бойынша 8-11жас аралығындағы балалар көп зорланады. Менің практикамда ер адам өгей қызын мылтықпен қорқытып зорлап келген факт болған. Сол кезден одан сұрағанымызда, 200-ден артық рет зорлады деді”, – дейді заңгер.