жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 19.05.2023 12:18

Елімізде араға 8 жыл салып көзді трансплантациялауға рұқсат берілді

Фото: proglazki.ru

Елімізде қасаң қабақтың дистрофиясы диагнозын емдеуге қайа мүмкіндік беруде. Ол үшін АҚШ--тан донорлық тіндер жеткізілмекші.

Дерекке сүйенсек, дәл осы диагнозға байланысты операция елімізде 2015 жылға дейін жасалып келген. Ол үшін мәйіттердің тіндері донор ретінде пайдаланылған. Бірақ қайтыс болғандардың ағзаларын трансплатациялау тоқтағаннан кейін мұндай ота жасалмайтын болды. Енді АҚШ-тың мамандарымен келісіп, жаңа технология бойынша 14 күнге дейін сақталатын донорлық қабақтармен ота жасау қайта басталады. 

Бірнеше жылдап осы кезекте тұрған науқастың бірі Нәзипа Ғайыпова. Ол осы уақытқа дейін қатты күйзелгенін айтады. Дәрігерлер қасаң қабақтың дистрофиясы деген диагнозды қойған кезде өзін қоярға жер таппапты. Себебі, елімізде мұндай отаның жасалмайтынын түсінген. Ал шет елде жасату қыруар қаражатқа келіп тіреледі. 

“Кеше операция істеді, сәтті өтті.  48-49 жасымда көзәйнек алуға барғанмын ауруханаға. Сонда жас дәрігер “апай сізге көзәйнек керек емес, көзіңіздің бәрі әппақ” деп айтты. Мұнан кейін көз институтына бардым. Онда “бұл емделмейтін ауру, соңында соқыр боласың” деді. Содан кейін менің өмір сүргім де келмей кетті, шынымды айтсам”, - дейді тұрғын. 

Шынында шет елдерде қырауар қаражат тұратын отаны әркімнің қалатасы көтере бермейді. Енді АҚШ-тан жеткізілетін донорлық тіндер 300-ден астам адамға қайта көруге мүмкіндік бермек. 

“Осы технологияларды біздің науқастар шетелге шықпай, өз қалаларынан төлемей, сол тұрған жерінде алуға мүмкіндігі болады. Бізде қазіргі таңда Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар, құрал-жабдық жақтан толық қамтамасыз етілгенбіз. Мамандарымыздың білімдері өте жоғары”, - дейді Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шоранов. 

Қасаң қабақты трансплантациялау ең күрделі оталардың бірі. "Қазақстан халқына" қоры донорлық ағзаны әкелуге 373 миллион теңге көлемінде қаражат бөлген. Енді алдағы екі жылдың ішінде 304 адамға көру мүмкіндігі беріледі.