жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 22.05.2023 11:43

Алматы-Өскемен тас жолында 7 Tesla тиелген көлік аударылды

Фото: inform.kz

Алматы-Өскемен тас жолында 7 көлікті тиеп келе жатқан транспорт аударылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«21 мамыр күні Алматы-Өскемен тас жолының 143 шақырымында Scania көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Үлкен жүк тасушы транспорт 7 Tesla көлігін тасымалдап бара жатқан. Көлік апатынан жол қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Республикалық трасса қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Көлік апаты Арқарлы асуының маңында болған. Апатқа ұшыраған көлікті 39 жастағы жүргізуші Алматы қаласына қарай бағыт алып бара жатқан.