жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 23.05.2023 13:17

Балғынбек Имашев Жүрсін Ерманмен қарым-қатынасы жайлы айтты

Фото: kznews.kz

Әйгілі айтыс ақыны Балғынбек Имашев "Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді..." бағдарламасында қонақ болып, ұстазы Жүрсін Ерманмен арасы суып кеткені туралы пікірге үн қатты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Жүрсін ағамның көңілін сұрап бардым. Көпшілік сияқты пост салмадым. Ағаның көңілін сұрап бардық, бір марқайып қалды. Сол жерте отырып сөйлестік, әртүрлі әңгімелер айттық. Мен "Алтын домбыра" алғаннан кейін айтысты қоямын деп, үлкен айтыстарға шықпай кеткем. Ағам бірнеше рет шақырды. "Балғынбек, сенсіз айтыс қызық емес. Халық іздейді", - деп көп айтты. Бармадым.

Осы жолы көңілін сұрап барғанда да айтты. "Балғынбек, сенің алшаңдап шығып, айтысып жүретін кезің ғой", - дейді. "Менің қатарымнан ешкім қалмады ғой.

Менің қатарым қазір жоқ. Бекжан жоқ, Мұхамеджан жоқ, Әбілқайыр жоқ, Дәулеткерей жоқ. Ешкім қалмады қатарымнан", - деймін.

"Жастарға жол көрсетіп, қалай айтысу керектігін айтып жүргендерің жақсы ғой", - дейді.

Ауырып отырған адам ғой. Сол кісінің көңілін көтерейін дедім де: "Аға, ауруыңыздан құлан-таза айығып кетіңіз. Сіз құдай бұйырса жазылсаңыз, мен айтысқа шығамын", - деп уәде бердім. Ол кісі жазылып шығамын деп уәде берді. Осылайша, қол алыстық. Алла ағамызға шипа берсін", - деді Балғынбек Имашев.