жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 23.05.2023 14:25

Қарағандыда бірнеше нысан сусыз қалған

Фото: SN.kz

Қарағандыда ірі су құбыры апаты болып, салдарынан Сортировка, Рабочий, Компанейская кенттерінің тұрғындары суық сусыз қалды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ekaraganda.kz басылымының жазуынша, 22 мамырда сағат 23:48-де диаметрі 500 мм №6 магистральдық су құбырында апат болған. Су беру сағат 1:30-да тоқтатылған.

"Қарағанды Су" ЖШС 23 мамыр күні таңертең апатты жою жұмыстары басталғанын мәлім етті.

Кәсіпорын сусыз қалған нысандарға су тасымалдауды ұйымдастырды. Бірінші кезекте ауыз сумен әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер (ауруханалар, мектептер) қамтамасыз етіледі, сондай-ақ су тұтынушыларға өтінімдер бойынша әкелінетін болады.

“Су тасымалдауға өтінімдерді 47-11-16 телефоны бойынша жіберуге болады”, – делінген хабарламада.