жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 23.05.2023 15:22

Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарды

Фото: видеодан скриншот

Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

22 мамырда полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамұратов пен Руслан Жұмабаев 27 шағынаудан мекенжайына жедел шақырту бойынша барғаны айтылды.

"Шатырға көтерілген полицейлер қыздың төменге секіруіне жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен қауіпсіз жерге түсіріп алған", - делінген хабарламада.

Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды.