сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 18 29.06.2023 11:35

Сенат Назарбаевты тағы бір мәртебесінен айыратын заңды қабылдады

Фото: zakon.kz

Сенат Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Назарбаев қорына қатысты заңға өзгертулер енгізбекші. 

 

29 маусымда Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Жобаны жүзеге асыру үшін "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" және "Назарбаев Қорының" мәртебесі туралы" заңдарға өзгеріс енгізу қажет екен. 

"Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілетін айқындау бойынша түзетулер көзделген", – делінген хабарламада. 

Заңның қазіргі редакциясында аталмыш білім беру мекемелері мен қордың Жоғарғы Қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев. Егер өзгеріс қабылданса, қамқоршылық кеңесті президент немесе ол тағайындаған адам басқарады.