сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 30.06.2023 17:45

Атырауда сыйлық үшін таласқандардың видеосы тарады

Фото: ашық дереккөз

Атырауда Құрбан айтты тойлау кезінде сыйлыққа таласқандардың видеосы жарияланды. 

 

Видеодан бір топ адамның ішінде "Менің балама бер!" деп жанұшыра айқайлаған әйелдің дауысы шығып жатыр. 

Атырау облысы аймақтық коммуникация қызметінің мәліметінде оқиға Исатай мен Махамбет алаңында сыйлықтарды үлестіру кезінде орын алған. 

"1000 шақты сыйлық үлестіріліп жатқан, бірақ кезек түзілді. Сыйлықтарды тарату үшін киіз үйде уақытша пункт ұйымдастырылған. Бірақ бұл жағдайдан кейін еріктілер сыйлықтарды алаңда таратты. Құқық қорғау органдарына немесе медицина қызметкерлеріне бұл дерек бойынша ешкім жүгінбеді", – деп түсіндірді аймақтық коммуникация қызметінің өкілдері.