сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 133 03.07.2023 15:47

Шекара асып қашқан Күдебаев үшін 5 қырғызстандық жазаланды

Фото: zakon.kz

Қырғызстанда қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың қашып кетуіне байланысты қозғалған қылмыстық іске қатысты бес адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды teznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, айыпталушылар бұған дейін кінәні мойындау туралы келісімге қол қойған. 

"Іс бойынша 4 адам - қарапайым азаматтар, ал біреуі МКҚК Шекара қызметінің бұрынғы қызметкері екені белгілі. Істі республиканың Әскери прокуратурасы жүргізді. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа берілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, барлық қатысушыға 350 мың сом (шамамен 1 804 350 теңге) айыппұл салынды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, былтыр сәуірде бірнеше аймақтағы Полиция департаменттері мен ҰҚК басшылары қаңтардағы тәртіпсіздік бойынша күдікті деп танылды. Екі аптадан кейін ІІМ басшысы Серік Күдебаевты қызметінен босатты. Содан кейін ол өз еркімен кеткені туралы хабарланды. Ал мамырда қаңтар оқиғасы бойынша күдіктілер тізімінде Күдебаев та бар екені белгілі болды.

Сондай-ақ, биыл 5 қаңтарда Мәжілісте Алматы облысы ПД бастығы Серік Күдебаев түсіп қалған видео көрсетілді. Кадрларда ол қарулы күзетпен өзі күзетуі қажет болған департамент ғимаратынан кетіп бара жатады.