сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 10.07.2023 13:50

Шавкат Мирзиеев Өзбекстандағы президент сайлауында жеңіске жетті

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан, сайлау

Өзбекстанда орталық сайлау комитеті президентті мерзімінен бұрын сайлау қорытындыларын жариялады. 

Қазіргі президент Шавкат Мирзиеев 87,05% дауыс жинаған.

Мерзімінен бұрын президенттік сайлау 9 шілдеде Өзбекстанда өтті. ОСК мәліметтері бойынша, халықтың 69,85%-ы, яғни 13 млн 459 мың 677 адам дауыс берген.

Мемлекет басшысы лауазымына төрт кандидат үміткер болды. ОСК-да дауыс берудің алдын ала қорытындылары айтылды:

  • Ұлықбек Иноятов-4,02%;
  • Шавкат Мирзиеев-87,05;
  • Робахон Махмудова-4,43%;
  • Абдушукур Хамзаев-3,74%.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес 33% халық келсе, сайлау өтті деп саналады. 

Президенттік сайлауда жеңіске жету үшін 50% - дан астам дауыс жинауы керек.