сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 79 10.07.2023 17:33

Түркістанда құс атып жүрген ер адам байқаусызда адам өлтіріп қойды

Фото: ашық дереккөз

Өңірдегі шаруашылық қожалықтарының бірінде құстарды атып жатқан кезде жасөспірім бала бала басынан оқ тиіп, мерт болды.

Оқиға 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС бірінің егіс алқабында болған. Жүзімдікте құс атуға жалданған ер адам абайсызда жасөспірімді атып өлтіріп алды. Бала оқиға орнында көз жұмды.

«Жүзімдік бағында құстарды атуға жалданған ер адам атқан оқ абайсызда сол маңда жүрген жасөспірімнің басына тиген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген ҚР Ішкі істер министрлігі хабарламасында.

Оқиға орнынан 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. Экспертиза тағайындалды. Белгілі болғандай, оқ атқан Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді.