сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 58 10.07.2023 20:11

Жамбыл облысында екі бала суға батып кеткен

Фото: Қармақшы таңы

Жамбыл облысының Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін тауып, алып шықты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 9 шілде күні сағат 18.00-дер шамасында болған. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға құлап, батып кеткені анықталды.

Орын алған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.