жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 11.07.2023 19:12

Ақтөбеде жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды

Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды.

Оқиға 11 шілде сағат 12:30-да  болған.

"Ақтөбе-Орынбор автожолының 20 шақырымында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктерінің соқтығысқан. Салдарынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді" делінген хабарламада.

ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.