жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 16 14.07.2023 9:19

Семейде мас күйінде шомылған ер адам суға батып кетті

Фото: "Астана" телеарнасы

Семей қаласында ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Ертіс өзенінің жағалауындағы "Пристань" қалалық жағажайында болған.

Куәгерлердің айтуынша, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылған.

Бір мезетте көзден ғайып болған.

Дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталды.

Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты.

Іздеу жұмысына жеке құрамнан 4 адам және қайық жұмылдырылды.