жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 74 14.07.2023 10:25

Түркістан облысында 5 жасар қыз бала үйінен өлі табылды

Фото: novochag.ru

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз тұрғынның үйінен өлі табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр.

Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

Айта кетейік, қоғам белсендісі, "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің мәіметінше, марқұм - 2018 жылы туған қыз. Күдікті - бұған дейін адам өлтіргені үшін сотталған, Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша пробациялық бақылаудағы есірткіге тәуелділер тізімінде болған 1975 жылғы ер адам екен.