жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 18.07.2023 14:28

Түркістанда өкей әке қызын зорлады деген күдікке ілінді

Фото: amiel.club

Түркістан облысында 15 жасар қызды зорлады деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Төлеби ауданында болған.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға жүгінсек, жасөспірімді өгей әкесі үш жыл бойы зорлап келген.

Тіпті, ер адам болған оқиғаны видеоға түсіріп алып, интернетте таратамын деп қорқытқан.

Бұл мәселеге пікір білдірген Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ретінде Төлеби ауданының тұрғыны анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.

«Полицейлер ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Төлеби ауданының тұрғыны қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында» - делінген ресми мәліметте.