жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 18.07.2023 17:38

Айгүл Орынбек педофильдерді қорғамауы керегін айтты

Фото: nur.kz

Заңгер Айгүл Орынбек Сарыағаштағы 5 жасар бүлдіршінің өлімі туралы пікірі қалдырды.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды teznews.kz  Caravan.kz медиа порталына сілтемежасап.

"Кешегі Сарыағаштағы бес жасар бүлдіршін жоғалып, зорлыққа ұшырап, өлі денесі табылды!

Ал мына Шымкенттегі жасөспірім қыз жеті күнде табылды! Дәл солай ажал құшуы мүмкін еді ғой?

Құзырлы органдар ПЕДОФИЛЬДЕРДІ қорғамауы керек!

Шымкентте АНА мен БАЛА құқығын аяққа таптаған құзырлыларға қатысты ҚР Бас прокуратурасы жауапкершіліктерін қарап, ЗАҢҒА сай шара көреді деген үміттемін

ЗАҢ орындалсын десек, ПРОКУРАТУРА - өзінен бастасын!

Дәл осы іс бойынша Президент әкімшілігі, Бас Прокуратураға жазған шағымдарымның біреуіне де - жауап берілген жоқ!

Зорлыққа ұшыраған ЖАСӨСПІРІМ қыздың ісінде өрескел қылмыстық заңбұзушылықтарға жол берген құзырлыларды Берік Асылов тікелей біртіндеп тұрып өзі қатаң жауапкершілікке тартсын!

Ел Президенті Қ.К.Тоқаев педофильдерден зорлық көрген жасөспірімдердің ісін - БАСТЫ назарға алуды, бұл санатты істерде сыбайластыққа жол бергендерді - жазалауды тапсырды

Бұл сюжеттің ЖАЛҒАСЫ БАР екенін ескертемін…!", - деп жазды ол