жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 22 19.07.2023 11:45

Серік Күдебаевтың елден қалай қашқаны белгілі болды

Фото: Видеодан алынған кадр

 Экс-генерал Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс қаралған Алматы облысы Кеген аудандық соты оның елден қалай және қашан қашып кеткені туралы тың деректерді жариялады.

«Айыпталушы Серік Күдебаев биыл 15 наурызда шамамен сағат 4:30-да қылмыстық жоспарға сәйкес, Кеген ауданындағы тікенді сымнан жасалған шекара қоршауын көтеріп, өткізу пунктінен тыс аумақ арқылы Қазақстан-Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Осылайша, К. Манас әуежайы арқылы Түркияға ұшып, жазадан жалтармақ болды. Ұсталғаннан кейін ол Қазақстанға экстрадицияланды», - делінген Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.