жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 19.07.2023 12:28

Оралда алып бала дүниеге келді

Фото: mixyfotos.ru

Оралда салмағы 6 келі болатын алып сәби дүниеге келді.

Сәбидің салмағы - 6 келі 170 грамм, ал бойы - 63 сантиметр. Қалалық көпсалалы аурухана дәрігерлері босанудың табиғи болғанын айтты. Қазір әйел мен баланың жағдайы жақсы.

Сәби - отбасындағы үшінші бала. Алғашқы екеуі 4 және 5 келі салмақпен дүниеге келген. Жаңа туған нәрестеге үшінші өлшемдегі жаялықтар қажет. 

"Өз бетімен босанды, жағдайы тұрақты, баланы да, анасын да ертең шығарамыз деп жоспарланды. Босануға екі акушер-гинеколог, неонатологтар бригадасы қатысты, яғни онымен бөлімнің барлық қызметкері жұмыс істеді", - деді Орал қаласы көпсалалы аурухананың гинеколог дәрігері Тимур Мұхамедияров.