жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 19.07.2023 17:22

Қостанай балабақшасында бұғанасы сынған баланың ісіне қатысты тәрбиешіге сот үкімі шықты

Фото: tobolinfo.kz

 

Қостанай балабақшасында бұғанасы сынған баланың ісіне қатысты тәрбиешіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Teznews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа 25 жастағы балабақша тәрбиешісі келді. Сот істі қарап, шешім шығарды.

"Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәрбиеші кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын", - деп үкімді судья Нұрлан Бекішев жариялады.