жұма, 27 қыркүйек 2024
Әлем 14 20.07.2023 10:32

Швеция полициясы Стокгольмде Құранды өртеуге рұқсат берді

Фото: ашық дереккөз

Швеция полициясы Стокгольмде Құран мен Ирактың туын өртеуге рұқсат берді.

Наразылық акциясы 20 шілдеге жоспарланған. Ол Ирак елшілігінің жанында өтеді.

Бұған дейін, 28 маусымда Швеция полициясы мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Стокгольмдегі бас мешітте Құранды өртеп наразылық акциясын өткізуге рұқсат берді. Ғимараттың жанында Құран жыртылып, Ирактан келген босқын наразылық ретінде кітаптың парақтарын жұлып алып, аяқ киімін сүртіп, сосын ішіне бекон салып, өртеп жіберген. ЕуроОдақ оқиғаны айыптап, сөз бостандығын қорғайтындарын атап өтті.

Сондай-ақ, 2023 жылдың басында Түркия мен Швеция арасында Стокгольмдегі түрік елшілігінің жанында Құранның өртенуіне байланысты жанжал шыққан еді. Аталған әрекеттің аясында Анкара Стокгольмның НАТО-ға қосылу туралы өтінішін мақұлдаудан бас тартты.