жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 75 20.07.2023 11:45

Жас әнші Садраддин қымбат көлік иесі атанды

Фото: скриншот

Жас әнші Садраддин су жаңа темір тұлпар тізгіндеді.

Өнер иесі қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әншінің таңдауы Lexus LX 600 маркалы көлігіне түскен.

“Құтты болсын! Шүкір… Бәріңізге рахмет”, – деп жазды Садраддиннің өзі.

Әншінің анасы да қуанышын жасыра алмай, ұлына ақжарма тілегін арнады.

“Тойға мінетін көлік болсын, жұғысты болсын. Жақсы күндерге, жақсы жерлерге осы көлікпен барып, қыдырып жүрейік”, – дейді анасы.

Садраддиннің достары да жомарттық танытып, көрімдігін берді. Жастар арасында NNN деген лақап атпен танымал Нұрдәулет Бексұлтан 100 доллар берсе, Дархан Жолжақсынов досының қолына 101 доллар ұстатты. Сондай-ақ көлікке “әдемі” нөмір сыйға тартты.

Желі қолданушылары жас әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

“Құтты болсын, жарайсың”, “Осындай жаста мұндайға жету мақтаныш”, “Еңбегің жансын”, “Тұлпарың құтты болсын”, “”Жақсылыққа мін”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, әнші алған Lexus LX 600 көлігінің нарықтағы құны 62 млн 740 мың теңгеден басталады.