жұма, 27 қыркүйек 2024
Спорт 13 21.07.2023 17:55

Шавкат Рахмоновтың қарсыласы күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: sportx.kz

Жартылай орта салмақтағы файтер Хоакин Бакли (16-6) өзін нокаутқа түсіре алған қарсыласын қалтасынан 25 мың доллар беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды teznews.kz.

Vesti.kz мәліметінше, ол жекпе-жекке шақырған қарсыластар ішінде қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) бар.

"UFC-ден болашағыма қатытсты хабар алмадым. Бірақ мен Джек Делла Маддалена, Ян Гарри, Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасқым келеді. Мен тамызда, қыркүйнекте айқасқым келеді. Сондықтан бұл жартылай орта салмақтағы файтерлердің бәріне қатысты. Тағы айтарым: егер мені нокаутқа түсіре алса, өз қалтамнан 25 000 мың доллар төлеуге дайынмын", - дейді Бакли Twitter желісіндегі видеоүндеуінде.