жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 25.07.2023 18:43

Қарағандыда 42 адам қылмыс бойынша ұсталды

Фото: syrboyi.kz

Қарағанды облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы автотұрақтардың бірінің маңында бір топ жастың бұзақылық әрекетінің алдын алды. Бұл туралы Teznews.kz порталы Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді. Көліктер полиция басқармасының автотұрағына қойылды.

Ведомство мәліметінше, ҚК 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жедел басқару орталығының бақылау камераларына жаппай төбелес түсіп қалғаны туралы жазған едік. Төбелеске қыздар да қатысқанын көруге болады. Тәртіп сақшылары үш күдіктіні ұстады.