жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 15 27.07.2023 12:53

Қазақстанда кімдер құлдыққа көп түсетіні айтылды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар адам саудасы және құлдыққа көбіне шетелге жұмысқа барғанда тап болады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Қалиолла Сейтенов мәлімдеді.

«Адам саудасымен күрес туралы заң қазір Мәжілістің қарауына жіберілді. Жалпы бұл салада біраз жұмыс атқарылып жатыр. Елімізде жылына адам саудасы бойынша 100-ден астам қылмыс тіркеледі. Біз салдарымен күресеміз, енді біз оның себептерін анықтауымыз керек. Бұл жерде құзырлы мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың бірлесіп әрекет етуі маңызды»,- деді Қалиолла Сейтенов елордада өтіп жатқан халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, отандастарымыз көбіне құлдыққа Бахрейн еліне тап болады.

«Адам саудасына немесе құлдыққа көбіне шетелге жұмысқа бару арқылы тап болады. Жұмыс істейміз деп соңында алданып қалады. Құлдыққа көбіне әйелдер және кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер түседі. Осы орайда алданып қалмау үшін заңды біліп, сақтап, оның ресмилігін анықтау қажет», - дейді ол.