жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 28.07.2023 17:45

Тауар ақысын мобильді аударымдар арқылы төлеуге тыйым салынды

Фото: ustaliy.ru

Қазақстанда сатып алынған тауар ақысын мобильді аударымдар арқылы қабылдауға тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа қаржы министрі қол қойды.

Салық кодексіне сәйкес барлық төлем бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы жасалуға тиіс.

Қаржы министрлігі бірнеше жылдан бері кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сонымен қатар банк қосымшасындағы QR-код арқылы мобильді төлем жасауға рұқсат етілген.

Ал егер POS-терминалмен төлемді қабылдамаса және ақшаны аударуды талап етсе, шағымдануға болады – ондай кәсіпкерге айыппұл салынады.