жұма, 27 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 28.07.2023 18:42

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды. 

Қаралы хабар жайлы Бану Дәулетбаева жазды.

"Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы...", - деп жазды журналист Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растап отыр.

"Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады", - деп хабарлады Жазушылар Одағының өкілі.

Жерлеу рәсімі Алматыдағы "Кеңсай-2" зиратында өтеді.

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.