сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 8 13.04.2023 18:49

Сиви Махмуди мұрнына аяқ асты ота жасатты

фото: nur.kz

Белгілі әнші Сиви Махмуди әлеуметтік желідегі парақшасында мұрнына пластикалық ота жасатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы teznews.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші тыныс алуы қиындап плстикалық хирургтың көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтты. Сиви Махмуди желідегі парақшасына отадан кейінгі суретін салып, жұртты шошытты.

“Қайырлы күн! Менің бет-әлпетіме назар аудармай-ақ қойыңыздар. Кеше мен дәрігерден кеңес алуға келгенмін, содан аяқ асты ота жасатуға бел будым. Соңғы күндері дем ала алмай жүрдым. Ауыз бекітіп едім, оны да тоқтата тұруыма тура келді. Сөйтіп ота жасаттым. Шүкір, бәрі ойдағыдай өтті, тыныс алуым да жақсарды”, – дейді әнші.

Денсаулығына байланысты ринопластика жасатқан өнер иесі кейбір кемшіліктерді де түзетуді жөн көрген. Оны желіде жариялаған суреттерДен байқауға болады.