Қазыбек Құрайыш алғашында әндерін қарыздарынан құтылу үшін шығарған
Отандық әнші Қазыбек Құрайыш бірнеше күн бұрын Алматы қаласында жеке кешін өткізді. Танымал әндердің иесі алғашында әнді қарызынан құтылу үшін шығарған. Бұл жайлы блогер Дәулет Исраил "Ревю" бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Қазыбек алғашында әндерінің бәрін қарыздары мен несиесін жабу үшін шығарған. Анығырақ айтқанда, әндерін сатқан. Қазір өзіне жазады.
Астанада концертте айтып берген. Несиесінің уақыты асып кетіп, төлей алмай отырған. Асханада отырып, бір ән шығарып, сол өлеңнің ақшасына несиесін жапқан. Өзі концертінде айтып береді", - деді блогер Дәулет Исраил.
Сонымен қатар Қазыбек Құрайыштың өзі неліктен сұхбат бермейтінін ашып айтты.
"Негізі сұхбатта не айтатынымды білмеймін. Алматы қаласында алғашқы жеке концертім. Бұйырса, қоржыным толғанда, үлкен сұхбат беруге барамын", - деді Қазыбек Құрайыш.
Айта кетейік, Қазыбек Құрайыш қазақстандықтарға "Өзіңді аңсап", "Таптым-ау сені", "Көркемім" әндерімен кеңінен танымал.