сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 4 14.04.2023 11:15

"Жағдайы ауыр": Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады

Фото: sportmir.kz

13 сәуір күні Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады.

 

Балалар ауруханасының меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр жарақат алған, он екі елі ішегі жыртылған.

"Бұл – сипаты мен емдеу жағынан ең ауыр жарақаттардың бірі. Сонан соң көпеген асқыну болады. Бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Операция жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақталды. Ем-шара жалғасады. Өз бетінше тыныс алу үшін баланы жасанды желдету аппаратынан шығаруды шешеміз", – деді Балалар ауруханасының меңгерушісі.