сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 8 17.04.2023 10:10

Дильназ Ахмадиева бала асырап алғысы келетінін айтты

фото: ашық дереккөз

Отандық эстрада жұлдызы Дильназ Ахмадиева Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында ұлының тәрбиесі жайлы айтып, болашақта бала асырап алуға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

“Ұлым – менің барым. Бірақ мен қатал анамын. Балам еркелеп жылай бергенде күтушіні басқа бөлмеге жіберемін де, өзім телефон қарап жатамын. Ол ешкім өзіне назар аудармай жатқанын түсініп, күтушісін іздейді, ол да жоқ. Сосын жылағанын қоя қояды. Әзірге сөйлей алмайтындықтан, осылай тәртіпке саламын. 5 жасқа келгенде оған бала күтушінің кім екенін, ананың кім екенін түсіндіремін. Ұлымның сырт келбеті әкесіне ұқсайды, бірақ мінезі маған тартқан. Зейдан да мен сияқты қырсық, өз дегенін істетпей қоймайды. Бірақ осы мінезі өмірде керегіне жарайды. Бұл үшін қуаныштымын”, – дейді өнер иесі.

Әнші сәбилі бола алмай жүрген ата-аналарға бала асырап алуға кеңес берді. Өзі де болашақта қыз бала асырап алғысы келетінін жасырмады.

“Бөтеннің баласы болмайды. Ойланыңыздар. “Өзімнің балам болғанын қалаймын” дейтіндерге айтарым: “Жаңа туған сәбидің көзіне қарасаң болғаны, ол сенің балаң болады. Онымен екі ай тұрып көр, содан кейін онсыз өмір сүре алмайтыныңды түсінесің”. Қанша рет түсік тастасам да, қайғырып жылаған емеспін.  Мен бәрібір ана болатынымды, бұл сынақтың өз себептері барын түйсігіммен сездім, түсіндім. Мен енді тумаймын. Сурогат ана жалдау үшін маған тағы да ЭКО жасату керек. Мен балама керекпін. Денсаулығымды сақтап қалғым келеді. Сондықтан егер тағы да балалы болғым келсе балалар үйінен аламын. Қыз бала асырап алғым келеді. Сәбилі бола алмасаң, бала асырап ал. Ешқашан өкінбейсің”, – дейді өнер иесі ағынан жарылып.

Әнші тұрмысқа шықпайтынын да ашық айтты. Бірақ оның айтуынша, жүрегін жаулап алғысы келетін ер азаматтар көп.

“Мен тұрмысқа шыққалы жатқан жоқпын. Бірақ мен ешқашан жалғыз болған емеспін. 21 жасымнан бастап жігітпен кездесе бастадым, қазір 43-ке келсем де, бір ай болса да жалғыз қалып қойған кезім болған емес. Маған расымен өзімнен үлкен ер адамдар ұнамайды. Мен қатты иіс сезгіш адаммын. Олардан жағымсыз иіс шығады. Қазіргі жігітім техникалық саланың маманы болса да, шығармашылыққа жақын. Жақсы көретін жігіттіммен кездесіп жүргеніме көп болған жоқ”, – деп Дильназ жеке өміріндегі жаңалықтарымен де бөлісті.