сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 35 17.04.2023 13:15

Еркін Нұржановтың "Жігіттер" тобынан неге кеткені белгілі болды

Фото: дереккөз

“Жігіттер” тобының экс-мүшесі ретінде белгілі Еркін Нұржановтың топтан кетуіне қатысты қаңқу сөздерге нүкте қойылды. Бұл туралы топ продюсері Ерғали Әбдірайымов пен жігіттер “Төртеліңіз” бағдарламасында айтып берді.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызының: “Еркінмен арада қандай да түсініспеушіліктер болды ма? Әлде жеке өміріне қатысты кетті ме?” деген сауалына  “Жігіттер” тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов: “Жасыратыны жоқ, менің ойымша Еркін жігіттерден бір қадам алда жүрді. Ол жастайынан ақындыққа қатысты. Ақын болған сол бір байқаудан жүлделі болады. “Бір қадам алда жүрді” деуімнің себебі сол. Бір күнде топтан шығып кетті, телефонын көтермей қойды. Оның үстіне жанында жүрген адамдар “Бөлек шықсаң қалай болады?” деп ой тастаған көрінеді”, – дейді ол. 

Топ мүшелері де өздерінен қарағанда Еркіннің мүмкіншіліктері көп болғанын мойындады.

“Еркін тойға 3 жасынан бастап шыққан. Аппарат Еркін де ғана бар еді. Қазіргі кезбен салыстырғанда аппараттың құны бір көлікпен бірдей болатын. Бәріміз Еркіннің кафесіне барып ән айтамыз. Бізден бір саты алда дегеніміз сол”, – дейді Айдар Тұрғамбек.

“Мұндай шешім қабылдау қиын болған шығар?” деген сұраққа Еркін Нұржанов: “Біздің бала кезден келе жатқан достығымыз бар. Сол себепті қиынға соқты. Оның үстіне Алматыда жалғыз өзің шаруа бастаудың қаншалықты қиын екені бәріне белгілі ғой. Оңай болған жоқ. Бірақ басқа түскен іс болған сол барынша тырысып бақтық. Бұл бір күнде қабылданатын шешім емес. Өмірдің ықпалы болды. Қуанышы бар, қызығы бар”, – дейді Еркін Нұржанов.

Алайда топ продюсері үшін әншінің бұл шешімі күтпеген жағдай болды. 

“Бізге бір күнде болды. Оған дейін сезіп жүрсек бұлай болмайтын еді. Біз білген жоқпыз. ӨзімізТараздан тойдан келіп, Астанаға ұшуымыз керек. Бірақ Еркін жоқ. Хабарлассақ телефонын көтермейді”, – продюсер өткенді есек алып.

Еркін Нұржановтың айтуынша, телефон тұтқасын көтеруге қорыққан. Бар жағдайды продюсердің ашуы басылған соң өзімен кездесіп, түсіндіретін болып шешкен.