сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 4 18.04.2023 10:34

Қарағандыда ер адам экскалаторда тұрған жігітті аяусыз теуіп құлатқан

Фото: massaget.kz

Қарағандыдағы "Сити Молл" сауда үйінде эскалатордан белгісіз біреу теуіп жібергеннен кейін ұшып түсіп, құлаған ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды teznews.kz Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, кеше, 17 сәуірде ер адам эскалатормен түсіп бара жатқан жігітті еш себепсіз арқасынан теуіп жіберген болатын. Ол бұл соққыдан ұшып түсіп, құлады.  

Еске салайық, жағаұстатар видео Instagram-дағы karaganda.city парақшасында пайда болды. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді.

Зардап шеккен 25 жастағы Қарағанды тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психиаторлық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды.